Конституциялық өзгерістер мен алдағы республикалық референдум мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында облыстық мәслихаттың төрағасы Н.С. Кобжанов, облыстық мәслихат депутаттары - «Ақ жол» және «BAYTAQ» саяси партиялары филиалдарының төрағалары Е.Т. Әбілдин, С.-М.Т. Казитов, сондай-ақ «Respublica» және «ҚХП» партиялары филиалдарының төрағалары Н.Е. Әубәкіров, Х.М. Мақсұтов Бұқар жырау ауданы кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.
Қызметінің негізгі бағыты картоп, майлы дақылдар, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өсіру, сондай-ақ тұқым шаруашылығы болып табылатын Баймырза ауылындағы «Нур-СХ» ЖШС ауыл шаруашылығы кәсіпорнының ұжымымен кездесуде жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін және ел мен аграрлық секторды одан әрі дамыту үшін алдағы референдумның маңыздылығы түсіндірілді. Меншік құқығын қорғау, кәсіпкерлікті қолдау және азаматтардың еңбек құқықтарының кепілдіктерін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Самар мыс кен орнын игеріп жатқан ірі тау-кен кәсіпорны «Нұрқазған» ЖШС ұжымымен кездесу барысында заң үстемдігі, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және табиғи ресурстарды әділ пайдалану мәселелері талқыланды. Жаңа Конституция жобасы мақсаттарының бірі - биліктің заңдылығы, ашықтығы мен есептілігін күшейту, сондай-ақ адам құқықтары негізгі құндылық ретінде бекітілгені ерекше атап өтілді.
Кездесулер барысында азаматтық белсенділік таныту және халықтың тікелей еркін білдіруінің тиімді механизмі болып табылатын референдумға саналы түрде қатысу өте маңызды екендігі айтылды.
Аймақтардағы жаңа Конституция жобсына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.