Облыстық мәслихаттың XXXII сессиясы: бюджет, қоршаған ортаны қорғау және Приозерск қаласының бас жоспары

Облыстық мәслихаттың XXXII сессиясы: бюджет, қоршаған ортаны қорғау және Приозерск қаласының бас жоспары

Нұркен Кобжановтың төрағалығымен өткен XXXII сессияға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, әкім орынбасарлары, басқармалар мен департаменттер басшылары, әкімдер мен мәслихат төрағалары қатысты.

Сессия барысында облыстық мәслихат депутаттары өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуіне және инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 245 іс-шараны көздейтін Облыстың 2030 жылға дейінгі даму жоспарын іске асыру жөніндегі инвестициялық жоспарын бекітті. Нақты секторды (90,8%), әлеуметтік саланы (3,2%) және құқық қорғау блогын (6%) қаржыландыруға басымдық берілген 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді.

Мәслихаттың бейінді комиссияларының жұмысы және су қоймаларын жөндеу мен реконструкциялау, өзендерді санациялау, жерді рекультивациялау, орман шаруашылығын дамыту, ҚТҚ полигондарын салу және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі 57 жобаны іске асыруды көздейтін Қоршаған ортаны қорғау жоспарының орындалуы туралы есептер қабылданды. Іс-шаралардың басым бөлігі орындалды, бір бөлігі 2026-2027 жылдарға көшірілді, жекелеген жобалар сот себептері бойынша аяқталмаған. Сондай-ақ, 2026-2027 жылдарға арналған жоспарға өзгерістер енгізілді.

Приозерск қаласының бас жоспары бекітілді: туризм мен жағалау аймағына (7 км жағалау, жағажайларды абаттандыру, саябақтар, демалыс аймақтары), балабақшалар, мектептер, колледждер, медициналық корпус, ДШСК, Мәдениет үйі мен сервис объектілерін салуға баса назар аудара отырып, кезең-кезеңімен дамыту көзделген. Көше-жол желісін (44 тен 69-ға дейін км), жаяу жүргіншілер жолын, веложолдарды, авто және т/ж станцияларын кеңейту, №2 жаңа қазандықта электрмен жабдықтауды, сумен жабдықтауды, су бұруды және жылумен жабдықтауды жаңғырту, қуат резервімен коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жоспарланған.

Аумақтық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі сайланды, Тексеру комиссиясы және оның құрамы туралы ережеге өзгерістер енгізілді, облыстың Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ереже бекітілді, әкімдік жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамы жаңартылды.

Барлық шешімдер өңірдің тұрақты дамуына бағытталған және облыстық мәслихаттың бейінді комиссияларының бақылауында болады.