Облыстық мәслихат депутаттары Жалпыұлттық коалиция отырысына онлайн режимде қатысты

Облыстық мәслихат депутаттары Жалпыұлттық коалиция отырысына онлайн режимде қатысты

Астанада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштерін біріктірген «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті. Оның құрамына 5 саяси партия мен 300 ден астам қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары бейнеконференцбайланыс режимінде отырыс жұмысына қатысып, өңірдегі жалпыұлттық күн тәртібіне белсенді кірісуге және одан әрі түсіндіру жұмыстарына өздерінің дайындығын растады.

Отырысқа қатысушылар жаңа Конституция жобасы саяси жүйені жаңғыртуды, мемлекеттік институттардың тұрақтылығын және азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейтуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Мәжіліс Спикері, Жалпыұлттық коалиция Жетекшісі Ерлан Қошанов атап өткендей, жаңа Конституция жеке тұлға құқықтарының басымдығын бекітетін, сондай-ақ мемлекеттің стратегиялық ресурсы ретінде адами капиталдың дамуын айқындайтын тарихи құжат болып табылады. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин Ата Заң елдің дамуына жаңа серпін беріп, білім және инновациялар қоғамын қалыптастыру бағытын нығайтатынын атап өтті.

Отырыс барысында саяси партиялардың басшылары, Мәжіліс депутаттары, сараптамалық қоғамдастық, бизнес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі. Конституция жобасы елді жаңғыртудың стратегиялық бағытына, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімді моделін қалыптастыруға сәйкес келетіні атап өтілді.

Құжат ашық қоғамдық диалог барысында әзірленгені айтылды. Конституциялық комиссия жұмысы аясында азаматтар мен сарапшылардан келіп түскен 10 мыңға жуық ұсыныс қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша референдум қарсаңында қоғамның барлық сындарлы күштерін шоғырландыру қажеттігі туралы мәлімделді. Жақын арада Коалиция мүшелері, оның ішінде Қарағанды облысының депутаттары азаматтарды объективті ақпараттандыруды қамтамасыз ету және саналы азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында өңірдің қалалары мен аудандарында түсіндіру жұмыстарын бастайды.