Қарағанды облыстық мәслихаты төрағасының өкімі
Қарағанды қ. № 2-6/1-08 2026 жылғы 19 ақпан
Облыстық мәслихаттың кезекті XХХII
cессиясын шақыру туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті XХХII сессиясы 2025 жылғы 19 ақпанда сағат 10.00-де (Әлиханов көшесі, 13, конференц-зал, 5 қабат) шақырылсын.
ХАБАРЛАМА
Облыстық мәслихаттың 2026 жылғы 19 ақпандағы кезекті XХХII сессиясының қарауына төмендегі сұрақтар шығарылады:
- Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жылғы жұмысы туралы есебі туралы.
- Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жылғы жұмысы туралы есебі туралы.
- Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жылғы жұмысы туралы есебі туралы;
- Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жылғы жұмысы туралы есебі туралы.
- Депутаттық өкілеттіктер, этика, заңдылық және құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жылғы жұмысы туралы есебі туралы.
- 2025-2027 жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2025 жылғы орындалуы туралы есеп туралы.
- Қарағанды облысының 2026–2028 жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы.
- Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы №537 «Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшін төлем мөлшерлемесін бекіту туралы» шешімін күші жойылған деп тану туралы.
- Қарағанды облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі инвестициялық жоспарды бекіту туралы.
- Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №343 «2026-2028 жылдарға облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Қарағанды облысы бойынша ревизиялық комиссия» мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер енгізу туралы.
- Қарағанды облысы бойынша ревизиялық комиссия мүшесі Кутжанова А.Е.-ні қызметінен босату туралы.
- Басқа да мәселелер.
Сессияны дайындауға жауапты: Әскербек Ибрагимұлы Халтонов, жұмыс тел. 8(7212)506672 (6103), электрондық пошта мекенжайы: obl@karoblmaslihat.gov.kz.
Қарағанды облыстық мәслихатының
төрағасы Н. Кобжанов