ХАБАРЛАНДЫРУ
Қарағанды облыстық мәслихаты Қарағанды аумақтық сайлау комиссиясының шығып кеткен мүшесінің орнына сайлау рәсімінің басталғаны туралы хабарлайды.
Қарағанды аумақтық сайлау комиссиясының шығып кеткен мүшесінің орнына сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Кандидат бойынша ұсыныстарды аумақтық сайлау комиссиясының құрамына саяси партиялар енгізеді. Бұл ретте, саяси партия сол саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар мәслихат белгілеген мерзімде үсыныс енгізбеген жағдайда (ол сайлау комиссиясының құрылу мерзіміне дейін кемінде он бес күн болуға тиіс) мәслихат сайлау комиссиясының мүшесін өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.
Қарағанды аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлғалар оның жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштерді қоса береді.
Функционалдық бағыт бойынша Қарағанды аумақтық сайлау комиссиясының шығып кеткен мүшесінің орнына мүшелікке сайланатын кандидат сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, сайлауды ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне өзге де қатысушыларды оқыту саласындағы жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелеріне жауап береді.
Қарағанды аумақтық сайлау комиссиясының шығып кеткен мүшесінің орнына мүшелікке кандидаттар «Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 129/624 қаулысымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс, атап айтқанда:
- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;
- Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білу;
- келесі талаптардың біріне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі:
аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде білім беру саласындағы мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасының сайлау органдарында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын білуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы тексерілетін кәсіби қызметті тиімді орындау үшін қажетті құзыреттердің болуы.
Саяси партиялар Қарағанды облыстық мәслихатына мынадай құжаттарды ұсынады:
- белгіленген нысан бойынша Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының құрамына кандидатура туралы мәліметтер (электрондық және қағаз форматта);
- Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының құрамына кандидат ұсыну туралы саяси партияның шешімінен үзінді;
- саяси партияны немесе оның филиалдарын (өкілдіктерін)тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
- кандидаттың белгіленген нысан бойынша Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші;
- кандидаттың Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссиялары мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден өткені туралы сертификат.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.
Кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары және сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініш Қарағанды облыстық мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының мүшесі Қарағанды облысының аумағында тұруы тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Қарағанды oблыстық мәслихатына қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілген белгі қойылуы тиіс.
Кандидаттардың құжаттары 2026 жылғы 16 ақпанға дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Нұркен Сайфиддинұлы Кобжанов – Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.
Облыстық мәслихаттың орналасқан жері: Қарағанды қ., Әлиханов көш., 13, 322 кабинет.
Жауапты тұлға – Құрмет Сәулебекұлы Шайкенов, №322 кабинет, қызметтік телефон нөмірі: 50-66-73 (6107), электронды пошта: obl@karoblmaslihat.gov.kz.