2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары облыстық мәслихатта талқыланды

2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары облыстық мәслихатта талқыланды

Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжановтың төрағалығымен 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңес жұмысына облыс әкімінің орынбасары Р.А. Кенжебеков, ТЖД және бейінді басқармалардың өкілдері, мәслихат төрағалары, сондай-ақ облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
ТЖД бастығының бірінші орынбасары Еркін Отарғалымұлының ақпараты бойынша инженерлік жұмыстар жоспарындағы 138 іс-шараның 126-сы орындалған. 25 км бөгетті нығайту және 21 км каналды монтаждау жұмыстары аяқталды. 1 наурыздан бастап жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. «Қазгидрометпен» бірлесіп су тасқынын болжау үшін қарға тексеру жүргізіледі. 139 елді мекен, 130 қауіпті учаске және 250 су қоймасы ТЖД бақылауында.

Жергілікті атқарушы органдар Қоршаған ортаны қорғау жоспары аясында «Тоғызқұдық» және «Жастілек» су қоймаларын жөндеуді аяқтады, «Таңатпай», «Ақтұмсық» және «Мұхтар» су қоймаларында жұмыстар жүргізілуде. 13 су қоймасына тексеру жүргізілді және «Тоқырауын», «Үлкен Бұқпа» өзендеріне санация жүргізілді. Гидробекеттер орнатылды, су төгінділерін, бөгеттер мен шлюздерді тазарту жүргізілуде, ЖЖМ және материалдар қорлары қалыптастырылуда. Автожолдарда 13 мердігер ұйым, 146 жұмысшы жұмылдырылған. 157 бірлік техника дайындалды, 12 су өткізгіш құбырға жөндеу жүргізілді.

Өз кезегінде, депутаттық корпус ықтимал тәуекелдерді талдап, тиісті мемлекеттік органдарға елді мекендердің тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын қорғау бойынша кешенді ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шараларды қабылдау бойынша ұсынымдар берді.
Су тасқынына дайындықты қамтамасыз ету және халық, үй жануарлары мен инфрақұрылымға әсерін тигізетін тәуекелдерді азайту – негізгі міндет.
2026 жылғы су тасқыны кезеңінен өтуге дайындық мониторингі жалғасады және депутаттық корпустың бақылауында болады.