Облыстық мәслихатта Серғазы Әдекеновтің төрағалығымен өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, кәсіпкерлік және өнеркәсіп; туризм; ауыл шаруашылығы; жер қатынастары; ветеринария басқармаларының 2025 жылғы 10 айдағы бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері және 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобалары қаралды.
Депутаттар мемлекеттік органдар басшыларының баяндамаларын тыңдап, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және өзге де бағыттарға баса назар аударды. Мәселен, өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С.М. Әдекенов қазіргі заманғы мал қорымдарын ұйымдастыру мәселесін көтерді; депутат И.В. Жабяк уәкілетті органға жылқыларды вакцинациялаудан үнемделген қаражатты қайта бөлу және республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын қаржыландыруды қайта бастау мүмкіндігін қарастыру туралы бастама жасады. Бейіндік комиссияның төрағасы К.Б.Оспанова ауыл шаруашылығы министрлігінде ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау мәселелерін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәселеге бастамашылық жасауды ұсынды. Сондай-ақ депутаттар Қ.Б.Оспанова мен Е.Т. Әбілдин тұрақтандыру қоры жұмысының тиімділігі жөнінде сөз сөйлеп, қаражаттың жеткіліксіз игерілуіне байланысты оның нәтижелілігін арттыру қажеттігін атап өтті, сондай-ақ кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көлемін кеңейту есебінен кәсіпкерлікті қолдауды күшейту қажеттігіне назар аударды. Туризм басқармасының бюджетін атқару мәселесін қарау аясында депутат В.П. Щетинин мемлекеттік органдардың назарын туристік объектілер мен бағыттарда санитарлық-гигиеналық тораптарды тиісінше ұйымдастыру қажеттілігі мәселесіне аудартты. Бұдан бөлек, депутат В.П. Щетинин Теміртау қаласы бюджетінің кіріс бөлігінің уәкілетті органмен жеткізілген параметрлерін қайта қарауды ұсынды.
Отырыc қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды. Облыстық мәслихатта алдағы үш жылға арналған бюджет жобасын қарау жалғасуда.