Қарағанды облыстық мәслихатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттің жобасы таныстырылды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Дулат Ашкенов «2028 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде дайындалған 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» нормативтік құқықтық актінің жобасын ұсынды.
Әлеуметтік сала бюджеттің басты бағытты болып қала береді: әлеуметтік салаға облыстық бюджет шығыстарының жалпы көлемінен 67% (355,9 млрд.теңге) көзделген. Экономиканың нақты секторын дамытуға 20% (102,8 млрд.теңге) бағыттау жоспарлануда. Құқық қорғау саласына 27,3 млрд. теңге қарастырылған.
2025 жылға арналған бекітілген жоспармен салыстырғанда 2026 жылға арналған болжамды сома 29,1%-ға қысқарады. Мұндай төмендеу 2025 жылғы 15 наурызда күшіне енген Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіндегі өзгерістерге байланысты. Жаңа ережелерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап корпоративтік және жеке табыс салықтары бюджеттік жүйенің деңгейлері арасында бөлінбей, толығымен өңірлердің бюджеттеріне есептеледі.
Сонымен қатар, депутаттық корпус бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде ағымдағы жылдың 9 айында облыстық бюджеттің атқарылуына талдау жүргізуде. Энергетика және ТКШ; жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары; табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу; ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер; құрылыс, сәулет және қала құрылысы; МСҚБ басқармаларының бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері қаралды.
«Бұл процесс жоспарланған көрсеткіштердің орындалу дәрежесін объективті бағалау және қажетті түзетулерді уақтылы енгізу үшін маңызды құрал болып табылады, бұл өңірдің белгіленген басымдықтары мен стратегиялық міндеттеріне сәйкес бюджет ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге ықпал етеді», – деп атап өтті отырыста төрағалық етуші Бейбіт Досжанов.
Депутаттар 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын талқылауды жалғастыратын болады.