Қарағандылық кәсіпкерлер өңір экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды

Қарағандылық кәсіпкерлер өңір экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды

Кәсіпкерлер күні мерекесіне орай өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен өткен  салтанатты іс-шарада өңіріміздің экономикасының дамуына үлес қосқан бастамашыл және еңбекқор тұлғалардың жетістіктері атап өтілді.

Іс-шара аясында облыстың бірқатар танымал кәсіпкерлері Қарағанды облысының Құрмет грамоталарына ие болды. Марапатталушылар “Кәсіпкерлік пионерлері", "Кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін", "Шағын және орта кәсіпорындарды сервистік қолдау", "Дамуға қосқан үлесі үшін" және "ШОБ үздік салық төлеушісі" номинациялары бойынша наградталды.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты Ермек Әбілдин кәсіпкерлікті дамытуға, бизнесті сапалы сервистік қолдауды қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Оқушылар мен студенттер арасындағы бизнес-идеялар байқауларының лауреаттарына ерекше назар аударылды, бұл жаңа бастамалар мен кәсіпкерлердің жас буынын қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.

Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов өзінің құттықтау сөзінде: «Депутаттық корпус кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін қашан да назарда ұстайды. Мемлекеттік саясат аясында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған субсидиялау бағдарламалары және өзге де қолдау шаралары іске асырылуда» - деп атап өтті.

Мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтың бірлескен күш-жігері Қарағанды облысының әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығын нығайтуға ықпал ететін орнықты дамудың маңызды факторына айналуда.