"Шахтер" ФК АҚ жекешелендіруді және футболды дамыту стратегиясын талқылау

"Шахтер" ФК АҚ жекешелендіруді және футболды дамыту стратегиясын талқылау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың футболды коммерцияландыру және спорт клубтарының мемлекеттік бюджеттік қаржыландыруға тәуелділігін азайту қажеттілігі туралы тапсырмасына сәйкес Нұркен Кобжановтың төрағалығымен «Шахтер» футбол клубы» акционерлік қоғамын жекешелендіру мәселесі бойынша кеңес өтті.
Мемлекеттік мүлік туралы заңға енгізілген өзгерістерге байланысты коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім мәслихаттың көпшілік тыңдаулары негізінде қабылданады.
Кеңес барысында депутаттар Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевтің, Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы өкілдерінің, футбол клубы басшылығының қаржы-шаруашылық қызмет, клубты жекешелендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу алгоритмі және т.б. туралы баяндамаларын тыңдады.

Жекешелендіру рәсімімен байланысты құқықтық, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы мәселелерге, сондай-ақ футбол клубын дамытудың стратегиялық аспектілеріне ерекше назар аударылды.

Облыстық мәслихат депутаттары К.Оспанова, Е. Жүнісов, С.Казитов, А.Калыков және басқа да қатысушылар футбол клубын жекешелендіру оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған уақтылы қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар, депутаттар балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мәселелерін көтеріп, жас спортшыларды даярлау жүйесін сақтау және нығайту қажеттігін еске салды.


Кеңес облыстық мәслихаттың көпшілік тыңдаулары қарсаңында жан-жақты талқылау және қатысушылардың хабардар болу деңгейін арттыру, футбол клубын жекешелендірудің аса маңызды мәселелері бойынша ашықтықты және қоғамдық пікірді есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.