Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов бюджеттік жоспарлау жөніндегі республикалық семинарға қатысты

Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов бюджеттік жоспарлау жөніндегі республикалық семинарға қатысты

Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында белгіленген міндеттер аясында бюджет қаражатын тиімді жоспарлау мәселелері бойынша республикалық практикалық семинарға қатысты.

Ақтөбе мәслихатының төрағасы Гүлкасима Сүйінтаеваның модераторлығымен Ақтөбе қаласында өткен семинарға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев, мәслихаттардың төрағалары мен тұрақты комиссиялардың басшылары, Қазақстанның барлық өңірлерінің экономика және қаржы басқармаларының өкілдері, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сарапшылары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты өңірлік деңгейде бюджетті жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін оңтайлы шешімдерді іздеу бойынша бірлесіп жұмыс жасау болды. «Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексі: негізгі өзгерістер мен инновациялар», «Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудағы өңірлік стандарттар жүйесінің рөлі», «Бюджет қаражатын тиімді игеру: шығыстарды мониторингілеу және түзету» және басқа да өзекті бағыттар бойынша түйінді тақырыптарды талқыланды.

Облыстарды дамытудың стратегиялық құжаттарын дайындау кезінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, сондай-ақ «халық қатысатын бюджетті» қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Пікір алмасу аясында практикалық кейстер қарастырылды: проблемалық аспектілер анықталды және оларды шешу бойынша нақты шаралар ұсынылды.

«Мазмұнды іс-шара ұйымдастырып, өңірлік бюджет саясатының озық тәжірибелерімен және дағдыларымен алмасу мүмкіндігін туырған Ақтөбе облыстық мәслихатына алғысымды білдіремін. Бірлескен күш-жігермен біз өңірлердің тұрақты дамуына ықпал ететін міндеттерді іске асыра алатынымызға сенімдімін», - облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов атап өтті.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар орталық мемлекеттік органдарға бюджет қаражатын жоспарлаудың, пайдаланудың тиімділігін арттыруға және өңірлік деңгейде экономикалық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұсынымдар дайындау және жолдау туралы шешім қабылданды.