Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында өткен сенбілікке қатысты. Қарағанды қаласында, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы сквер аумағында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен ағаш отырғызылды. Экологиялық бастамаға саяси партиялар филиалдарының төрағалары, облыстық мәслихат депутаттары, Жастар ресурстық орталығының еріктілері де қатысты.
Сонымен қатар, Қарағанды орталық саябағында, депутаттар аллеясында облыстық мәслихат депутаттары, облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері мен облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшелері тазалық жұмыстарын жүргізді. Депутаттарға бекітілген аумақта өткен жылы жапырақты екпелер отырғызылған болатын, бүгінде мұнда одан әрі абаттандыру белсенді жүргізілуде.
Бұл күні облыста 10 мың ағаш отырғызылып, жалпы ауданы 70 гектар аумақ жиналды. Мұндай бірлескен бастамалар экологиялық қауіпсіздікті нығайтады, экологиялық сананы дамытады және халық үшін қолайлы орта құруға ықпал етеді.
.