Өңірдегі туризмді дамыту перспективалары - өнеркәсіп, ШОБ дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде

Өңірдегі туризмді дамыту перспективалары - өнеркәсіп, ШОБ дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде

С.М.Әдекеновтің төрағалығымен өткен өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында Қарағанды облысының туристік саласының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары туралы мәселе қаралды.

Отырыс барысында уәкілетті органдардың баяндамаларын тыңдағаннан кейін депутаттар туристік орындарды абаттандыру және санитарлық күтіп ұстау мәселелеріне, сондай-ақ туристік аймақтарды белгіленген стандарттарға сәйкестендіру қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Елді мекендер, жол бойындағы сервистер және танымал туристік орындар маңында заманауи санитарлық-гигиеналық тораптарды салу қажеттілігі туралы мәселелерді талқылады.

Туристік маусымда көлік жүйесінің сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, сондай-ақ Балқаш қаласы мен Қарқаралы ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыру мен іске асырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Депутаттар Қазақстан Республикасының жетекші жиырма туристік дестинациясының қатарына кірген «Балқаш» туристік аймағында кәсіпкерлікті дамыту үшін жер ресурстарына түгендеу жүргізу және одан әрі жаңа жер учаскелерін беру туралы ұсыныстар енгізді.

Отырыс барысында өңірдің туристік саласын жан-жақты дамытуға бағытталған өзге де өзекті мәселелер қаралды.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша бұл мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына шығарылатын болады.