Облыстық мәслихат депутаттары "Сарыарқа" хоккей клубының өкілдерімен кездесті

Облыстық мәслихат депутаттары "Сарыарқа" хоккей клубының өкілдерімен кездесті

Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов «Сарыарқа» хоккей клубының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары А.Әлденей, облыстық мәслихат депутаттары Қ Оспанова, Е.Халилин, дене шынықтыру және спорт басқармасының, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының, мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің, облыстық басқармалардың өкілдері, сондай-ақ хоккей клубының Бақылау кеңесінің басшысы мен мүшелері қатысты.

2006 жылдың шілдесінде Қарағанды облысының әкімдігі құрған хоккей клубы өңірдің негізгі спорт клубтарының бірі болып табылады. 2023 жылы клуб ребрендингтен өтіп, команда құрамы жаңартылды. Клуб өткен маусымды сәтті аяқтап, Pro Hockey Legacy чемпионатының қола медалін жеңіп алды.

Қазіргі уақытта Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен клубтың алдында Бақылау кеңесі көтерген мәселелер тұр. Осыған байланысты, депутаттық корпус бейінді Басқарманың назарын басқару тетіктерін жетілдіру және оның жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды іске асыру қажеттілігіне аудартты.

Кездесу барысында клубтың ағымдағы қызметінің мәселелері, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер және кәсіби хоккейдің даму перспективалары талқыланды. Бүгінгі таңда хоккей клубының қызметін қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл өңірде хоккейдің тұрақты дамуы мен қолдауды қамтамасыз етеді.

Депутаттық корпус облыста спорттық әлеуетті жан-жақты дамыту үшін жағдай жасау мәселелерін қарауды жалғастыратын болады.