Жұмыс сапарымен Қарағанды облысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Өтешов келді

Жұмыс сапарымен Қарағанды облысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Өтешов келді

Облыстық мәслихат депутаттары Қадиша Оспанова, Алпыс Аманжолов сенатор Серік Өтешовтің аудандық ауруханалардың басшыларымен кездесуіне қатысып, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Кенжибаев атап өткендей, 2023 жылдан бастап өңірде 92 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 66-сында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Алайда, фельдшерлік-акушерлік пункттерді салу бойынша ҚР ДСМ үлгілік (эскиздік) жобаларын пысықтау, баламалы жылыту көздерін пайдалану мүмкіндігін көздеу, сондай-ақ дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыру үшін фельдшерлер кабинеттері жанындағы дәріхана пункттерін ұйымдастыру және басқа да маңызды мәселелер бар.

Ауылдық ауруханалардың басшылары жаңа ғимараттар салу қажеттілігін атап өтті, себебі қолданыстағы ғимараттар ескірген және санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Кадрлық жағдай өткір күйінде қалып отыр: дәрігерлердің жетіспеушілігі және медициналық жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылдың жеткіліксіздігі ауылдық денсаулық сақтаудың дамуына кедергі келтіреді. Ауылдық жерлерге жас мамандарды тарту үшін оларды заманауи талаптарға сай тұрғын үймен қамтамасыз ету маңызды.

«Шалғай аудандарда медициналық көмектің қолжетімділігін, сапасын және тиімділігін қамтамасыз ету барлық уәкілетті органдардың бірлескен күш-жігерін талап етеді, – деп атап өтті сенатор, – және біз бұл бағытта жұмыс атқаруды жалғастырамыз.»