Қарағанды облысының делегациясы Семейде өткен «Senat Open Cup-2025» шахмат турнирінің жартылай финалында

Қарағанды облысының делегациясы Семейде өткен «Senat Open Cup-2025» шахмат турнирінің жартылай финалында

Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов бастаған Қарағанды облысының делегациясы Семей қаласында өткен шахматтан II «Senat Open Cup-2025» ашық кубогының жартылай финалына қатысты.

Бір алаңда Астана, Абай, Қарағанды және Ұлытау облыстарынан 120 үздік шахматшы бас қосты.

Олардың қатарында мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері бар. Олар – өз аймақтарында іріктеу ойындары барысында шеберліктерін паш етіп, жүзден жүйрік шыққан үздіктер.

Астанада осы жылдың тамыз айында «Орталық» өңірінен жартылай финалдың 38 жеңімпазы бақ сынасады, оның ішінде облысымыздың өкілдері – депутаттар Бекмұрат Ағзамов (Абай ауданы), Абсалям Карин (облыстық мәслихат), Бауыржан Қалақбасов (Ақтоғай ауданы), сондай-ақ ардагерлер мен қоғамдық кеңес мүшелері – Өмірғазы Бейсембинов (Қарағанды), Нұржан Бөлегенов (Приозёрск), Сергей Могила (Абай ауданы), Андрей Самохин (Қарағанды) бар.

Турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен ұйымдастырылды – бұл біздің елімізде зияткерлік спорт түрлерін насихаттауға ықпал ететін жыл сайынғы іс-шара.

«Senat Open Cup-2025» жартылай финалының жеңімпаздарын құттықтаймыз! Алдағы тартысты бәйгеде сәттілік тілейміз!