Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

Қарағанды облыстық мәслихаты төрағасының өкімі

 

Қарағанды қ.                                   №2-7/1-60                        2025 жылғы 23 маусым

 

Облыстық мәслихат сессиясының

уақытын ауыстыру туралы

 Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-ге жоспарланған сессиясының уақыты 2025 жылғы 26 маусымда сағат 15.00-ге ауыстырылсын (Әлиханов көшесі, 13, конференц-зал, 5 қабат).

 

 ХАБАРЛАМА

 Облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 26 маусымдағы сессиясының қарауына төмендегі мәселелер шығарылады:

  1. 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы
  2. Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын 2024 жылы іске асыру бойынша есеп туралы
  3. Қоғамда бұқаралық мәдениетті қалыптастыру аясында әлеуметтік-мәдени нысандар жұмысының тиімділігі туралы
  4. Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы XX сессиясының «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №234 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Қарағанды облысында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы.
  6. Басқа да мәселелер.

Сессияны дайындауға жауапты: Әскербек Ибрагимұлы Халтонов, жұмыс тел. 8(7212)506672 (6103), электрондық пошта мекенжайы: obl@karoblmaslihat.gov.kz.

       

Қарағанды облыстық мәслихатының

төрағасы                                                                                            Н.Кобжанов