Қарағанды облыстық мәслихаты Қарағандының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын мақұлдады

Қарағанды облыстық мәслихаты Қарағандының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын мақұлдады

Облыстық мәслихат депутаттары кезектен тыс сессия өткізді, оның басты сұрақтарының бірі Қарағанды қаласының бас жоспарының жобасын мақұлдау болды.

Қала әкімі Мейрам Кожухов таныстырған жаңа Бас жоспардың жобасы Көкпекті кенті мен «Сары-Арқа» әуежайының қосылуы есебінен Қарағанды ауданын 50 мың гектарға дейін ұлғайтуды көздейді. 2040 жылға қарай қала халқының саны 614 мың адамға дейін өседі деп болжануда. Өсудің перспективалық бағыты ретінде Оңтүстік-Шығыс ауданы мен Майқұдық арасында орналасқан «Көгілдір тоғандар» шағын ауданын қамтитын солтүстік-шығыс бағыты бөлінді.

«Қарағанды қаласының қолданыстағы бас жоспары 2007 жылы бекітілді. Ол көптеген параметрлер бойынша ескірген. Тұрақты комиссиялардың отырыстары барысында облыстық мәслихат депутаттары енгізген 50-ден астам ұсыныс осы жобада ескерілді. Бұл бас жоспар – алға жасалған маңызды қадам. Осыдан кейін Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын және құрылыс жобаларын әзірлеу сияқты барлық жұмыстар басталады. Ол қаланың даму бағытын белгілейді және оның болашағын айқындайды», - деп қорытындылады облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов күн тәртібіндегі мәселені талқылау барысында.

Сондай-ақ, сессияда 2025 жылға арналған инфляцияны ескере отырып индекстелген жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекітті. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар қатынасының тізбесін кеңейтті – оған «Қарағанды – Ақтоғай – Балқаш» жаңа бағыты енгізілді.

Бұдан басқа, көліктік қолжетімділікті арттыру мақсатында жазғы кезеңге арналған «Қарағанды – Балқаш» бағыты бойынша поездың қосымша құрамын іске қосу туралы облыстық мәслихаттың шешімін қабылдады.