Меню

Страницы

Статья

Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы

Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы

1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы 1-май ауылында (қазір Тоқтар ауылы) туған. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (1998), профессор (1997), Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы (1990), авиация генерал-майоры (1992), Кеңес Одағының батыры (1988), ҚР Халық Қаһарманы (1995). 1962-1965 жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеді, еңбегі үшін есімі облыстық Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964). 1965 жылы комсомол комитетінің жолдамасымен Краснодардағы Армавир ұшқыштар даярлайтын жоғары әскери училищесіне оқуға түсіп, оны 1969 ж. бітіреді. Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр Шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары қызметінде (1969-1975) болды. 1976-1992 жж. Мәскеудегі А.И. Микоян ат. Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы. Мәскеу ұшқыш-сынақшылар мектебін (1976), Мәскеу авиация институтын (1979) бітірген. Ә. МиГ-29, МиГ-31, дыбыстан жылдам ұшатын МиГ-23, МиГ-25, МиГ-27 әскери ұшақтарын және оның түрлі модификацияларын сынақтан өткізуге қатысып, Кеңес Одағында тұңғыш рет МиГ-31Б ұшағымен әуеде 2 рет жанармай құйдырып, жерге қонбай солтүстік полюске ұшу сапарын 1988 жылы ерлікпен орындады. Ал 1989 жылы ол бірінші болып авиатасушы крейсердің алаңқайына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. 1990 ж. ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 ж. 2 сәуірде Ю. Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісті. Ә. 45 жасында ғарышкер атанды. Ол – Кеңес Одағының соңғы, № 72, және Қазақстанның алғашқы, №1 ғарышкері. 1991 ж. 2 қазан күні ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа ұшты. Ғарышқа көтерілгенде оның экипажында ғарышкерлерден А. Волков, Ф. Фибек болды. Ғарышта «Союз ТМ-13» кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 ж. 10 қазанда ғарышкерлер Т. Әубәкіров, А. Арцебарский, Ф. Фибек Жер бетіне оралды. Ә. Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 1-орынбасары (1992-1993), ҚР Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары (1993-1994), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (1994-1995), 1996 жылдан ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Қазіргі таңда – «Тұран-Астана» Университеті қамқоршылық кеңесінің төрағасы, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Президентінің кеңесшісі.

Дата публикации
11 ноября 2022
Дата обновления
11 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
01 декабря 2023
VIII сайланған Қарағанды ​​облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары
09 ноября 2023
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардың тізімі

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы