Кеше, 2023 жылғы 23 тамызда Шахтинск қаласының әкімі М.Е. Кыдырганбеков Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттары А. К. Омарбеков және М. Ж. Тохановпен, сондай-ақ коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдардың басшыларымен бірлесіп, Шахтинск қаласын аралап, 40-лет Победы атындағы көшесінің бойындағы жолды жөндеу жұмыстарының және Свердлов, Донская, Амангелді, Гвардейская, Нұркен Әбдіров, Октябрьская, Торговая, Индустриальная, Матросов көшелері бойынша жеке сектордың орамішілік жолдарын абаттандыру жұмыстарының барысын көру мақсатында тексерді.

Аралау барысында 40-лет Победы атындағы көше бойындағы жолды орташа жөндеу жұмыстары жеделдетілген режимде жүргізіліп жатқаны анықталды.
Жеке сектор жолдарына асфальт төсеуге негіз дайындау аяқталған. 26 тамыздан бастап мердігер асфальт төсеуді бастайды және қыркүйек айының соңында жоғарыда аталған нысандардағы жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. 1-орам көшелерінде су ағу кәріздерін жайластыру бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.
«Снегурочка» бөбекжайы» КМҚК маңында тұрақ орнын жайластыра отырып, Ленинград көшесінен «Снегурочка» бөбекжайы» КМҚК-не және «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» КММ-не дейінгі жол бөлігін орташа жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қарау кезінде ескертулер болған жоқ, барлық жұмыстар аяқталған.
Көшпелі жиналыс барысында жұмыстың сапасына ерекше көңіл бөлінді. Барлық жұмыстар ұлттық жол активтері сапасы және техникалық қадағалау орталығы мамандарының бақылауымен жүргізіледі. Мердігер ұйымдармен өндірістік кестені талқылау кезінде әкім, депутаттар жұмыс барысын жеделдету қажеттігін атап өтті. Мердігерлерге жолдардың сапасына және жұмыстардың аяқталу мерзіміне ерекше назар аудару тапсырылды.