Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының
аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының қолданыстағы құрамына өзгерістер енгізу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облысының Шахтинск қаласының мәслихаты сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілетіні туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылар санына қарай заңнаманың нормаларына сәйкес қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері Шахтинск қаласы мәслихатының сайтында орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының жоғары тұрған сайлау комиссиялары мен саяси партиялар немесе басқа қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар 2026 жылдың 27 тамыздан 10 қыркүйегіне дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Шахтинск қалалық мәслихаты
Мамерханова Жамала Сагантаевна – Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Шахтинск қаласы, Абай даңғылы 50а.
Жауапты тұлға - Циолковская Наталья Юрьевна - қалалық мәслихат аппаратының басшысы, каб. №23, қалааралық телефон коды (872156), қызметтік, факс нөмірі 56045, электрондық пошта мекенжайы: sh_maslihat@akimat09.kz
Қалалық мәслихат 9 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізеді:
|
№ р/с |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссияларынан кеткен мүшелердің саны |
|
|
|||
|
Учаскелік сайлау комиссиялары - 9 |
|||
|
1. |
316 |
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Парковая көшесі, 23/1 ғимарат, «Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ |
1 |
|
2. |
320 |
Қарағанды облысы,Шахтинск қаласы, Парковая көшесі, "Евней Букетов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ |
1 |
|
3. |
324 |
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Панфилов көшесі, 4 ғимарат, «Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ |
1 |
|
4. |
330 |
Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы,Абай Құнанбаев даңғылы,72в ғимарат,, «№6 жалпы білім беретін мектебі» КММ |
1 |
|
5. |
336 |
Қарағанды облысы,Шахтинск қаласы,Молодежная көшесі,51б ғимарат, «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ |
2 |
|
6. |
340 |
Қарағанды облысы, Шахан кенті, Кенесары Қасымұлы, 1/1"Шахан кентінің мәдениет үйі" КМҚК |
1 |
|
7. |
345 |
Қарағанды облысы, Долинка кенті, Садовая көшесі 92"№ 30 мекеме" РММ |
2 |
|
8. |
346 |
Шахтинск қаласы, Долинка кенті, Заводская тұйық көшесі, 1 ғимарат, №31 мекеме |
1 |
|
9 |
349 |
Қарағанды облысы, Долинка кенті, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 6505 әскери бөлімі» РММ, Долинка кентінің батальоны"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімі" РММ |
3 |
|
Шахтинск қалалық мәслихаты 27.08.2026 ж. |
|||
|
|
|||