
Өткен аптада А. Омарбековтың төрағалығымен Шахтинск қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысы өтті.
Отырысқа депутаттар Т.Шакенов, М. Тоханов, сондай-ақ Долинка кентінің әкімі А. Түсіпов, Новодолинский кенті әкімінің орынбасары Т. Ильязова және мердігер ұйымның өкілдері қатысты.
Отырыс аясында келесі мәселелер қаралды:
Аталған кенттер тұрғындарының Центральная 19, Советская, Торговая 1, Мәншүк Мәметова 24, Торговая 13, Лесная 5, Центральная 15 көшелерінде, сондай-ақ медициналық 7 тұйық көшесінде орналасқан кәріз және су құбыры құдықтарының тиісінше жай-күйі мәселесі бойынша өтініштері қаралды.
Сондай-ақ, Новодолинский кентінде, Долинка кентінде балалар ойын алаңдарын абаттандыру мәселесі қаралды. Көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша комиссия мүшелері уәкілетті орган мен мердігер ұйымдарға абаттандыру саласындағы анықталған ескертулерді жақын арада жою туралы ұсыныстар берілді. Комиссия жұмысы жалғасуда.