Ағымдағы жылдың 23 маусымында кезекті сессияның мәселесін дайындау жөніндегі қалалық мәслихаттың уақытша комисссиясының көшпелі отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 23 маусымында кезекті сессияның мәселесін дайындау жөніндегі қалалық мәслихаттың уақытша комисссиясының көшпелі отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 23 маусымында кезекті сессияның мәселесін дайындау жөніндегі қалалық мәслихаттың уақытша комисссиясының көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырыс бағдарламасы шеңберінде уақытша комиссия мүшелері Шахан кентінің стадионына, «Қарлағыш» аула клубына және Шахтинск қаласының Евней Букетов атындағы жалпы білім беретін мектебі мен Орталық стадионына барды.

Сапардың мақсаты қолданыстағы спорт нысандарының қазіргі жағдайына баға беру, сондай-ақ бейінді бөлім мен білім беру бөлімінің жоспарларында көзделген алдағы жұмыстармен танысу болды.

Нысандарды аралау барысында бейінді бөлімнің басшысы С.К. Ибраева комиссия мүшелерін Freedom компаниясы мен Қарағанды облысының әкімдігі арасында жасалған футболды дамыту бойынша Меморандум шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпараттандырды.

Меморандумға сәйкес, 2029 жылға дейін облыс аумағында 15 футбол нысанын салу мен жанғырту көзделген.

Атап айтқанда, Шахтинск қаласының Орталық стадионы мен Шахан кентінің стадионында FIFA Quality халықаралық стандартына сәйкес жасанды  жабындымен жабдықталған жаңа футбол алаңдарын ораналастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, бөлім басшысы С.К. Ибраева және білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.А. Сатемирова жуық арада шешуді қажет ететін өздерінің ағымдағы міндеттерін атап өтіп, өңірдегі және білім беру саласындағы спорт инфрақұрылымын ода әрі дамыту перспективалары туралы баяндады.

Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша спорт нысандарының тұрақты жұмыс істеп тұрғаны және тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасап отырғаны атап өтілді.