Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттары «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының кезектен тыс XLII конференциясына қатысты

Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттары «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының кезектен тыс XLII конференциясына қатысты

2026 жылғы 8 маусымда Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Мамерханова Ж.С., «AMANAT» партиясы Шахтинск қалалық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция мүшесі Омарбеков А.К., сондай-ақ «AMANAT» партиясы Шахтинск қалалық филиалы депутаттық фракциясының мүшелері Кадырова М.Р., Тилеубек А. және Тоханов М.Ж. «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының кезектен тыс XLII конференциясына қатысты.

Конференция барысында партияның облыстық филиалының 2023-2026 жылдардағы жұмысының қорытындысы шығарылды және партияның   Саяси кеңесі мен бюросының жаңа құрамы сайланды, сонымен қатар  партияның республикалық съезіне қатысу үшін делегаттар бекітілді.

Осы іс-шара атқарылған жұмыстың нәтижелерін талқылау үшін, қызмет бағыттарын  одан әрі  айқындаудың  және барлық деңгейлерде партиялық өзара іс-қимылды нығайтудың  маңызды алаңына айналды.