Өткен аптада қалалық мәслихаттың бейіндік комиссиясы "AMANAT "партиясы" Шахтинск қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясымен бірлесіп, Шахтинск қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесімен көшпелі отырыс өткізді.

Өткен аптада қалалық мәслихаттың бейіндік комиссиясы "AMANAT "партиясы" Шахтинск қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясымен бірлесіп, Шахтинск қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесімен көшпелі отырыс өткізді.

Өткен аптада қалалық мәслихаттың бейінді комиссиясы «AMANAT» партиясы Шахтинск қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы және Шахтинск қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесімен бірлесіп, Абай даңғылындағы 93-үйдің аумағында көшпелі отырыс өткізді. Іс-шара нөсерлік кәріз жүйесінің жағдайын бағалау, су бұруды қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдау, асфальт жабындысын қалпына келтіру және жол жүру бөлігі, жаяу жүргінші жолдары, сондай-ақ су құбыры құдықтары орнатылған учаскелерді, соның ішінде Торговая және Спортивная көшелерінің бойын абаттандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Көшпелі отырыс барысында депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшесі жергілікті жерде жағдаймен танысып, қолданыстағы инженерлік желілерді қарап шықты және нөсер суларын бұру жүйесін жақсарту бойынша жоспарланған жұмыстарды талқылады.

«Expert Recycling» ЖШС директоры Шамионов Тавриз Шакирович комиссия мүшелеріне нөсерлік кәріз жүйесін жөндеу және жаңғырту жұмыстары ағымдағы жылдың жаз мезгілінің ортасында жоспарланғанын хабарлады. Мердігер барлық қажетті жұмыстарды технологиялық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, белгіленген мерзімде орындауға дайын екенін растады.

 «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» ММ құрылыс секторының меңгерушісі Ю.А. Бацанская барлық жұмыстардың бекітілген жоспар мен жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізілетінін растады.

Сонымен қатар, ол су құбыры желілерін тарту жұмыстары аяқталғаннан кейін жол жүру бөлігі, жаяу жүргінші жолдары және су құбыры құдықтары орнатылған орындардың асфальт жабындысын, соның ішінде Торговая және Спортивная көшелерінің бойында ішінара қалпына келтіру қарастырылғанын атап өтті.

Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша комиссия уәкілетті органдарға, атап айтқанда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы А.Т. Айтышов пен «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» ММ құрылыс секторының меңгерушісі Ю.А.Бацанскаяға жұмыстардың орындалу мерзімдерінің сақталуын, жұмыстардың тиісті сапада жүргізілуін және жол жабындысы мен нөсерлік кәріз жүйесін қалпына келтіру кезінде нормативтердің сақталуын бақылауға алуды ұсынды.

Өз кезегінде, қалалық мәслихат депутаттары да Абай даңғылындағы 93-үйдің аумағындағы нөсерлік кәріз жүйесін талапқа сәйкестендіру, сондай-ақ Торговая және Спортивная көшелері бойынша су құбыры желілерін тарту жұмыстарынан кейін асфальт жабындысын қалпына келтіру және жол жүру бөліктері мен тротуарларды абаттандыру жұмыстарын бақылауда ұстайтын болады.