
Өткен аптада Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6-тармағына сәйкес жабық форматта қалалық мәслихаттың Кезектен тыс XXVII сессиясы болып өтті.
Сессия барысында 2026–2028 жылдарға арналған қала және кенттер бюджеттерін нақтылау, 2025 жылғы қала және кенттер бюджеттерінің атқарылуы, сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, жазасын өтеп шыққан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Айта кету керек, аталған мәселелер бұған дейін С.А. Таширова экономика және қаржы бөлімі басшысының қатысуымен қалалық мәслихаттың бейінді комиссияларының бірлескен отырысында жан-жақты қарастырылған болатын.