2026 жылғы 16 мамырда Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж.С. Мамерханова Шахан кенті тұрғындарының жиналысына қатысты.

2026 жылғы 16 мамырда Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж.С. Мамерханова Шахан кенті тұрғындарының жиналысына қатысты.

2026 жылғы 16 мамырда Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж. С. Мамерханова Шахан кенті тұрғындарының жиналысына қатысты. Кездесу Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары А.Е. Саттыбаев пен кент әкімі Г. А. Өмірбековтың төрағалығымен "ПК КазУголь" ЖШС өкілдерінің, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен өтті.

Жиналыс барысында келесі мәселелер қаралды:

  • бұрын таратылған «Шаханская» шахтасының шекарасында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және шахта салу;
  • геологиялық барлау және шахта құрылысы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық бойынша ұсыныстар;
  • кенттің аумағында тіркелген шахта қызметінен республика, облыс және Шахан кентінің бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдердің перспективалары.

Тұрғындар «ПК КазУголь» ЖШС өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар берілді.

Жиналыс соңында дауыс беру өткізіліп, оған қатысқан тұрғындардың басым бөлігі геологиялық барлау жұмыстарын бастауға қолдау білдірді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша:

– «қолдағандар» – 47 адам (79,7%);

– «қарсы» – 5 адам (8,5%);

– «қалыс қалғандар» – 7 адам (11,8%).