
Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Ж.С. Мамерханованың төрағалығымен қалалық мәслихаттың салалық комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.
Күн тәртібіне:
1.Қарағанды облысын газдандырудың өңірлік жобасын Шахтинск қаласында кезең-кезеңімен іске асыру барысы туралы.
2.Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы XVI сессиясының № 385/16 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
3.Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 269/4 «Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күшін жою туралы.
4.Қалалық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы Кезектен тыс XXI сессиясының № 212/21 «Округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5.Қалалық мәслихаттың 2023 жылғы 12 желтоқсандағы VIII сессиясының №313/8 «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер шығарылды.
Сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша қала әкімдігі жанындағы комиссиялардың құрамдары депутаттық корпустың қарауына ұсынылды.
Бірінші мәселе бойынша уақытша жұмыс комиссиясының басшысы, 12 сайлау округінен депутат А.К. Омарбеков әріптестеріне шешімнің жобасы мен қорытындысын ұсынды.
Екінші мәселе бойынша «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы А.А Сагадиеваның ақпараты тыңдалды.
Үшінші мәселе бойынша депутаттар «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ұсынған ақпаратпен таныстырылды.
Қарау қорытындысы бойынша барлық мәселелер бойынша шешім жобалары қалалық мәслихаттың кезекті XXVII сессиясының бекітуіне жолданды.