
Бүгін, 17 сәуір күні Шахтинск қалалық мәслихатының «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары – мәслихат төрағасы Ж. С. Мамерханова, «AMANAT» партиясы Шахтинск қалалық филиалының атқарушы хатшысы А. К. Омарбеков, қалалық мәслихат депутаты Б. Е. Мұсабаев, сондай-ақ Шахтинск қаласы Қоғамдық кеңестің мүшесі Р. Т. Манапов Шахан кентінде орналасқан «Қарағанды облысы Шахтинск қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында депутаттар өз қызметі және партияның қалалық филиалының атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат беріп, жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады. Сонымен қатар кент тұрғындарын толғандыратын өзекті әлеуметтік мәселелер кеңінен талқыланды.
Орталық қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, толыққанды жауаптар алды.
Кездесу ашық диалог және сындарлы пікір алмасу форматында өтті.