Өткен аптада А.К. Омарбековтың төрағалығымен Шахтинск қалалық мәслихатының уақытша жұмыс комиссиясының, «AMANAT» партиясы Шахтинск қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының және Шахтинск қаласының Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары А. Е. Саттыбаев, «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы А. С. Қуаныш, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлар бөлімінің, мердігер ұйымдардың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында кезекті сессияның күн тәртібіне енгізілген «Қарағанды облысын газдандыру жөніндегі өңірлік жобаны Шахтинск қаласында кезең-кезеңімен іске асыру барысы туралы» мәселе жан-жақты қарастырылды.

Талқылау барысында Шахтинск қаласын газдандыру жұмыстарының 2023 жылы басталғаны атап өтілді. Жобалық-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) сәйкес, құрылыс үш іске қосу кешені аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде 2480 үйді газбен қамту мақсатында жалпы ұзындығы 233,276 км газ тарату желілерін салу жоспарланған.

2026 жылы орта және төмен қысымды екінші іске қосу кешенін (ұзындығы 8662 м) аяқтау көзделуде. Сонымен қатар, жеке сектор тұрғындары мен көппәтерлі тұрғын үйлерді (КТҮ) газбен жабдықтау жүйесіне қосу тәртібі бойынша қажетті түсіндірмелер берілді. Жобаны толық көлемде іске асыру үшін қосымша қаржыландыру қажеттілігі де атап өтілді.

Сондай-ақ Абай Құнанбаев даңғылы бойында көшпелі тексеру жүргізіліп, аталған учаскеде газдандыру жұмыстарының жүргізіліп жатқаны нақтыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар мен комиссия мүшелері уәкілетті органдардан газбен жабдықтау мәселелері бойынша қосымша ақпарат ұсынуды, сондай-ақ газ қызметін көрсететін ұйымдардың тізілімін беруді сұрады.

Бұдан бөлек, уәкілетті органдар мен мердігер ұйымдарға абаттандыру саласында анықталған жекелеген кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.

Комиссия жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.