
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде қалалық мәслихаттың төрағасы - Ж.С. Мамерханованың төрағалығымен депутаттардың, қаланың Қоғамдық кеңес мүшелерінің және «AMANAT» партиясы филиалының бастауыш-партия ұйымдары төрағаларының бірлескен кеңесі өтті, онда Қарағанды облысы білім басқармасының «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Н.Б. Онсович Шахтинск қаласының білім беру жүйесінің даму динамикасы туралы баяндады.
Кеңес барысында білім беру саласы қоғамның дамуына және өскелең ұрпақтың болашағына тікелей әсер ететін негізгі және әлеуметтік маңызы бар салалардың бірі болып табылатыны аталды.
Барлық қатысушылар басшының дайындығының жоғары деңгейін атап өтіп, нақты фактілерді келтіре отырып, егжей-тегжейлі, мазмұнды есеп бергені үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, проблемалық мәселелер талқыланып, қатысушыла ашық диалог аясында өз пікірлерін білдірді.
Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Е.М. Буслаев білім беру саласын тұрақты негізде қолдайтынын және өзекті мәселелерді облыстық деңгейге жүйелі түрде көтеріп отыратынын жеткізді.