
2026 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Утешов Серик Балгатаевич қалалық мәслихат депутаттарымен және қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.
Кездесуге Шахтинск қаласының әкімі М. Е. Кыдырганбеков қатысты.
Кездесу диалог форматында өтті, оның барысында депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері өңірдің дамуына қатысты өзекті сұрақтар қойып, түсініктемелер алды.
Кездесу аясында:
Сондай-ақ, қалалық мәслихат төрағасы Ж. С. Мамерханова үйсіз және қаңғыбас иттерге арналған жеке панажайлардың жабылуына байланысты оларды уақытша ұстау мақсатында мемлекеттік панажайлар құру мәселесін шешу қажеттілігін айтты.
Кездесуден кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С. Б. Утешовтың жеке қабылдауы өткізілді.
Қала тұрғындары депутатқа жеке сұрақтарымен жүгінуге мүмкіндік алды. Қабылдау барысында: нормативтік құқықтық актілерге «ірі көлемді қалдықтар» анықтамасын нақтылау және оларды жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін шығару жөніндегі міндеттерді бекіту бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі; интернационалист-жауынгерлерге (Ауғанстандағы әскери қимылдарына қатысушылар) қатысты НҚА-ға өзгерістер енгізу қажеттілігі тақырыбындағы мәселелер көтерілді.
Кездесуде және жеке қабылдау барысында айтылған барлық мәселелерді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Б.Утешов қолданыстағы заңнама шеңберінде одан әрі қарау және пысықтау үшін бақылауға алды.
Кездесу сындарлы және жұмыс атмосферасында өтті.