Өткен аптада Ж.С. Мамерханованың төрағалығымен Шахтинск қалалық мәслихатының ағымдағы жылғы кезекті XXV қорытынды сессиясы болып өтті.

Өткен аптада Ж.С. Мамерханованың төрағалығымен Шахтинск қалалық мәслихатының ағымдағы жылғы кезекті XXV қорытынды сессиясы болып өтті.

Өткен аптада Ж.С. Мамерханованың төрағалығымен Шахтинск қалалық мәслихатының ағымдағы жылғы кезекті XXV қорытынды сессиясы болып өтті.

Сессияның күн тәртібіне 12 мәселе енгізілді, оның ішінде 3-еуі қалалық мәслихат аппараты қызметінің мәселелеріне қатысты болды. Негізгі мәселе Шахтинск қаласы мен кенттердің үш жылдық кезеңге арналған бюджетін қарау және бекіту болды.

Депутаттар мен шақырылғандар алдында бюджет жобасы бойынша негізгі тақырыппен бейінді бөлімнің басшысы С. А. Таширова баяндама жасады. Депутаттық корпустың қорытындысын қалалық мәслихаттың депутаты Р.Г. Миннуллин баяндап, қала мен елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын айқындайтын қабылданатын қаржылық құжаттың маңыздылығын атап өтті.

Әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы, бюджет саласының тұрақты жұмыс істеуі, сондай-ақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы бюджетті бекітуге тікелей байланысты екендігі атап өтілді. Атап айтқанда, 2026 жылға арналған жергілікті бюджет шығыстарының негізгі бөлігі-3 млрд 135 млн 90 мың теңге немесе жалпы көлемнің 43,4 пайызы тұрғын үй-коммуналдық және құрылыс салаларына көзделген.

Сондай-ақ, айтарлықтай қаражат, жалпы көлемі 2,2 млрд теңге жұмыспен қамту және мәдениет салаларына бағытталды. Оның санында, мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге - шамамен 974 млн теңге, мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шараларға - 539 млн теңге, үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді қоса алғанда, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге - 432 млн теңге қарастырылды.

Бюджет жобасы кірістер мен шығыстар бойынша теңдестірілген. Өкілді және атқарушы органдардың оны қалыптастыру және бекіту кезіндегі бірлескен жұмысы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және аумақты одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

Сессия барысында жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша басқа да шешімдер қаралып, қабылданды.

Сессияның жұмысына қала әкімі М.Е. Кыдырганбеков, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Е.М. Буслаев, қала прокуратурасының аға прокуроры Р.А. Ерниязов, қала әкімінің орынбасары, кенттердің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.