АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
БЖЗҚ-дағы «Ашық есік күні»:
ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарында 2025 жылдың 4 желтоқсан күні онлайн форматтағы Ашық есік күні өткізілді. Бұл жолы қандай да бір нақты тақырып болған жоқ – Қор мамандары жиналған жұрттың барлық сауалдарына толыққанды жауап берді. Мәселен:
Өткізілген іс-шара барысында осы және өзге де тақырыптар қызу талқыға түсті. БЖЗҚ мамандары қатысушыларға өз зейнетақы шоттарын мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп берді. Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері басқа да қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жеке кеңестерімен көмектесті.
Онлайн кездесу үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.
Естеріңізге сала кетейік, салымшылар мен алушылар үшін Қор есігі әрдайым ашық. Зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша ақыл-кеңесті салымшылар БЖЗҚ филиалдарында да, enpf.kz сайты, мессенджерлер және әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимінде де ала алады. Оған қол жеткізу тәсілдері де іс-шарада айтылды.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).