Құрметті жерлестер!
Баршаңызды 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жалпы, "Отан отбасынан басталады" деген нақылдан-ақ қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне қаншалықты мән беретінін аңғаруға болады. Ұрпақ санасына өнеге сіңірудегі отбасы рөлі қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесінен де артық. Себебі жанұяның жылуын, одан берілетін мейірім-шапағатты ештеңе алмастыра алмайды. Осы орайда ертеден атадан балаға мирас болып келе жатқан жанұялық игі құндылықтар, ұлттық тәрбие мен жақсы дәстүріміздің маңызы зор
Яғни еліміздің келешегі – ұрпақтардың тәрбиесі сөз болғанда, ұлттық тәрбие мен төл мәдениетімізді естен шығармауымыз керек. Өйткені әр отбасындағы үлгілі өнеге әлем көшіндегі еліміздің өркениетіне үлкен үлес қосады.
Осынау әлеуметтік маңызға ие мереке күні барлық шаңыраққа құт-береке, мол ырыс, бақыт тілеймін!