
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында депутаттар «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» мәселені қарады. Комиссия жұмысына әкімнің орынбасары Д. Арнешев, Қоғамдық кеңестің төрағасы С. Тлекбаев, Ақтас кенті әкімінің орынбасары М. Анаев, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Осы мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Н. Каргабаев сөз сөйлеп, қолданыстағы тарифтерді қайта қарау негіздері және ұсынылған өзгерістер туралы ақпарат берді.
Талқылау барысында депутаттар тарифтің көтерілу себептеріне, ҚТҚ полигоны үшін тарифтің ықтимал өзгеруіне, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жиілігін арттыру, контейнерлік алаңдардың айналасын жинауды ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жоспарларға қатысты бірқатар сұрақтар қойды.
Ұсынылған жобаға сәйкес, ТКШ бөлімі халыққа ұсынатын тариф шамамен 40% - ға артады.
Қала әкімінің орынбасары Д. Арнешев қолданыстағы тариф үш жыл бойы қайта қаралмағанын атап өтті. Бұл ретте жаңа көрсетілетін қызметті берушінің келуімен тұрғындар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдастырудағы оң өзгерістерді атап өтуде. Оның айтуынша, қала басшылығы мердігерлік ұйымның алдына мамандандырылған автопаркті жаңартуды және ескірген контейнерлерді заманауи контейнерлерге ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі арттыру бойынша міндеттер қояды.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар бұл мәселені қалалық мәслихат сессиясының қарауына және бекітуіне шығару туралы шешім қабылдады.