
2026 жылғы 30 маусымда мәслихат төрағасы О. Баймағанбетов қаладағы өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына барып, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ұзақ жылдар бойы бұл нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан ғимаратты жаңғырту – өрт сөндіру қызметкерлерінің қызмет атқаруына қолайлы әрі лайықты жағдай жасаудағы маңызды қадам.
Жұмыс сапарына қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Н. Жакыпбаев, мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы А. Нажмиден және мердігер ұйым – «ПрофиРемСтрой» ЖШС-нің өкілі қатысты.
Ғимаратты аралау барысында спорт залы, жуыну бөлмелері, салтанатты іс-шаралар өткізілетін зал, фойе және басқа да бөлмелердегі жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым.
Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нурлан Жакыпбаевтың айтуынша, бөлім қызметкерлерінің күшімен ғимараттың кіреберіс бөлігі мен оған іргелес аумақ абаттандырылған. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары шамамен 85 пайызға аяқталған. Алдағы уақытта өрт сөндіру бөлімі ғимаратының қасбетін жаңарту, автоматты қақпаларды орнату, сондай-ақ төтенше жағдайлар бөлімі ғимаратындағы ішкі жөндеу жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр. Барлық жұмыстар толық аяқталғаннан кейін өрт сөндіру бөлімі заманауи талаптарға сай, жайлы әрі функционалды нысанға айналатынына сенімдімін. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайын жасау – әрдайым назарда болатын маңызды міндеттердің бірі.