
10 наурызда Саран қалалық мәслихатының 32-ші кезектен тыс сессиясы өтті. Отырысқа қала әкімінің орынбасарлары, Ақтас кентінің әкімі және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Жұмыс барысында депутаттар 18 желтоқсан 2025 жылғы №257 «2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Саран қалалық мәслихатының 30-шы сессиясының шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін қарады. Түзетудің қажеттілігі бюджеттің табыс бөлігін нақтылауға, сондай-ақ облыстық бюджеттен трансферттер бөліп беруге байланысты болды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарағаннан кейін депутаттар сәйкес шешімдер қабылдады. Енгізілген өзгерістер қалалық бюджеттің тұрақты орындалуын қамтамасыз етуге және жоспарланған шараларды іске асыруға бағытталған.