
6 ақпанда Саран қалалық мәслихатында бюджет, экономика, кәсіпкерлік, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Комиссия жұмысына әкімнің орынбасарлары, Ақтас кентінің әкімі, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының өкілдері, Қоғамдық кеңестің төрағасы, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Бірінші мәселе барысында депутаттар абаттандыру мен көгалдандыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы аудиторлық қорытындының нәтижелерін қарады. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі жергілікті атқарушы органдарға аумақтарды көгалдандыруды жүйелі жоспарлау үшін дендроплан әзірлеуді, сондай-ақ аумақты дамыту бағдарламасына абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі тиісті индикаторлар енгізуді ұсынды. Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауды, сондай-ақ абаттандыру, көгалдандыру және қаржылық тәртіпті сақтау саласындағы жобалардың іске асырылуына бақылауды күшейтуді ұсынды.
Отырыстың екінші бөлігінде мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті мәселелері қаралды. Жастар ресурстық орталығының басшысы баяндама жасап, жастар ортасындағы ахуалды талдауды ұсынды, орталық қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларын белгіледі.
Отырыс қорытындысы бойынша жастар саясаты саласындағы іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша ұсынымдар әзірленіп, мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.