
Партиялық жобасы аясында «Құқықтық көмек» мәслихат депутаттары, қала прокуроры, адвокаттар, полиция өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ «Отбасы банкі» мамандары азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындардың тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, құқықтық қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мәселелеріне байланысты өтініштері қаралды. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, түсіндірулер мен ұсыныстар берілді, ал кейбір мәселелер бақылауға алынды.
Мұндай кездесулер өзекті мәселелерді жедел шешуге, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.