2025 жылғы 25 қарашада қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылғы 25 қарашада қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
25 қараша күні мәслихат төрағасы О.З. Баймағанбетовтің басшылығымен Саран қалалық мәслихатының 29-шы кезектен тыс сессиясы өтті. Оның  жұмысына қала әкімінің орынбасарлары, Ақтас кенті әкімінің орынбасары, Қоғамдық кеңестің төрағасы және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Саран қаласы мен Ақтас кенті бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық ставкасының мөлшерін төмендету туралы бастаманы талқылау болды. Оны 4%-дан 2%-ға дейін төмендету ұсынылды. ҚР Салық кодексіне сәйкес мұндай шешімдер жергілікті өкілді органдардың құзыретінде болады және норма енгізілгенге дейінгі жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылдануы мүмкін.
Бұл шара шағын бизнеске қаржылық жүктемені едәуір жеңілдетеді және қалада кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды деп күтілуде.
Сонымен қатар, депутаттар жеке кірістер мен облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді неғұрлым маңызды бағыттардың пайдасына қайта бөле отырып, 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджетке енгізілген өзгерістерді бекітті.
Сессия соңында барлық айтылған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.