Депутататтың халықпен кездесуі

Депутататтың халықпен кездесуі

30 қыркүйек күні мәслихат депутаты Я.Н. Савчин Ленин даңғылындағы № 2, 4, 6, 8, 10 және 12 көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Тұрғын үй қорын алдағы жылыту маусымына дайындау талқылаудың басты тақырыбы болды. Тұрғындарды жылытудың жаңа тарифіне және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу тәсілдеріне қатысты мәселелер ерекше алаңдатты.
Сонымен қатар, кездесу барысында тұрғын үйлердің қасбеттерін сапасыз жөндеуге, ойын алаңдарын жабдықтаудағы кемшіліктерге және басқаларға қатысты мәселелер көтерілді.
Кездесу барысында айтылған барлық өтініштер мен ұсыныстар тіркелді және жергілікті атқарушы органдарға берілді.