2025 жылғы 26 қыркүйекте депутаттық қызмет аясында Баймағамбетов О.З.-ның ұйымдастыруымен Абай көшесі, №21, 23, 25, 27, 29 үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Тұрғындар көтерген негізгі мәселе – алдағы жылыту маусымына тұрғын үйлерді дайындау болды. Талқылау барысында жылыту жүйелерінің жағдайы, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі, қоқыс шығарылуы мен қоқыс алаңының жағдайы, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлерді басқару формасын ұйымдастыру мәселелері сөз болды.
Түскен барлық өтініштер әрі қарай қаралып, қажетті шаралар қабылдануы үшін бақылауға алынды.