25 қыркүйекте мәслихат депутаттары Н.С. Тәжібаева және Ж.К. Жаяубаевпен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен Горняк шағын ауданының (№86-90 үй) тұрғындарымен кездесу өткіздік.
Кездесудің басты тақырыбы алдағы жылыту маусымына дайындық болды - үйлердің қыс мезгіліне дайындығы, проблемалық мәселелер және жылумен жабдықтауды жақсарту бойынша барлық мүмкін шаралар.
Сонымен қатар, тұрғындарға 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енген «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер түсіндірілді. Онда көп пәтерлі үйлерді басқару нысандарын құру тәртібі туралы айтылды.
Кездесу барысында айтылған барлық өтініштер мен ұсыныстар бақылауға алынды.