Қалалық мәслихат төрағасы Өміржан Баймағанбетов, Саран қалалық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Н.Тажибаева, білім бөлімінің басшысы А.Бақтыбаев, мәслихат депутаттары: Т.Рублев, Я.Савчин жұмыс сапарымен білім беру ұйымдарына барды.
Бірінші болып «Колокольчик» бөбекжайының жылыту маусымына әзірлігі қаралып, бүгінде жылыту жүйесі бойынша жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары пысықталды.
Одан кейін Абай атындағы жалпы білім беретін мектепке барып, сыртқы қасбеті бойынша жасалған жұмыстарды көріп қайтты.
«Балғын» бөбекжайындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары назардан тыс қалмады. Жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді. Сондай-ақ, №7 мектеп-интернатында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары қаралды. Абай атындағы және №7 мектеп интернатындағы барлық жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін, ал «Балғын» және «Колокольчик» бөбекжайларында, жылу беру маусымы басталуына дейін, 1 қазанда аяқталады. Білім ордасында Саран қ. ІІБ жанындағы Саран күзет бөлімінің милиционері - милиция старшинасы Кубаев Иса Салавдинович атында «Жас сақшы» кабинетін ашу жоспарлануда. Білім ордасындағы жөндеу жұмыстары қала әкімінің қатан бақылауда және қалалық мәслихат депутаттарының басты назарында.