"AMANAT" партиясының Жол картасын орындау барысы

"AMANAT" партиясының Жол картасын орындау барысы

«AMANAT» партиясының Жол картасын орындау аясында ағымдағы жылдың 9 шілдесінде депутаттар О.З. Баймаганбетов, Ж.Қ. Жаяубаев, Н.С. Тәжібаева және Е.Е. Хисметовтың қатысуымен Ақтас кентінде көшпелі отырыс өткізді. Кездесуге кент әкімдігінің, мемлекеттік органдардың, мердігерлік ұйымдардың және техникалық қадағалаудың өкілдері қатысты.

Сапардың бірінші пункті 150 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңы болды. Мердігерлердің мәліметінше, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Депутаттар нысанның сапасы мен қауіпсіздігіне, атап айтқанда, футбол алаңын қоршау орнату, трибуналар, спорт залдарын, шатыр және басқа да үй-жайларды абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Жобаны іске асыруды аяқтау үшін ағымдағы жылы толық қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.

Одан кейін депутаттар А.Молдағұлова көшесі, 29 мекенжайы бойынша орналасқан жаңа футбол алаңы мен балалар алаңын аралап шығып, орындалған жұмыстардың сапасына оң бағаларын берді.

Сапардың соңғы аялдамасы Кржижановский көшесінің орталығындағы ұзындығы 1,65 км жолды орташа жөндеу барысына мониторинг жүргізу болды. Мердігер ұйым мен техникалық қадағалау мамандарының ақпараты бойынша жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес және барлық техникалық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі. Жұмыстарды аяқтау үшін қалалық бюджеттен трансферттер бөлу қарастырылған. Сондай-ақ, кент әкімдігі тарапынан мердігерлердің жұмыстарды орындау сапасына бақылауды күшейту қажеттілігіне назар аударылды.

Депутаттық корпус құрылыс жұмыстары толық аяқталғанға дейін барлық жобаларды іске асыру барысын  бақылауда ұстауды жалғастырады.