"Су құбыры желілерін реконструкциялау, 3 кезек"жобасы бойынша жұмыс отырысы

"Су құбыры желілерін реконструкциялау, 3 кезек"жобасы бойынша жұмыс отырысы

Партиялық бақылауды жүзеге асыру аясында депутаттар «Саран қаласындағы су құбыры желілерін қайта құру (3-кезек)» жобасын іске асыру бойынша көшпелі отырыс өткізді. Нысанға бару барысында депутаттар құрылыс жұмыстарының жекелеген түрлерін орындауға қатысты бірқатар ескертулерді тіркеді.

Сапар қорытындысы бойынша әріптестермен бірге қала әкімі орынбасарларының, мемлекеттік органдар, мердігерлік ұйымдар, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізді.

Кездесуде депутаттар анықталған проблемалық мәселелерге - жұмыстарды орындау мерзімінің сақталмауына, құдықтарды орнату және ағыту кезіндегі бұзушылықтарға, сондай-ақ орнатылатын люктердің рұқсат етілген жүктеме бойынша қажетті талаптарға сәйкес келмеуіне және т.б. назар аударды.

Мердігерлік ұйым мен қадағалау қызметтерінің өкілдері барлық ескертулер құрылыс жұмыстарын одан әрі орындау барысында ескеріліп, жойылатынына сендірді. Жергілікті атқарушы органдарға орындалатын жұмыстардың сапасы мен уақтылылығын бақылауды күшейту ұсынылды.

Жобаны белгіленген мерзімде аяқтау және нысанды 2025 жылы пайдалануға беру үшін депутаттар Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне уақытылы қарастырылған бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш білдірді.

Жоба толық аяқталғанға дейін депутаттық корпустың тұрақты бақылауында болады.