Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы

2025 жылғы 4 шілдеде Н.С. Тәжібаеваның төрағалығымен бюджет, экономика, кәсіпкерлік, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде Саран қалалық мәслихатының алдағы болатын 26-шы кезектен тыс сессиясының материалдары қаралды.

Негізгі мәселелердің бірі Саран қаласы мен Ақтас кентінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу жобасы болды. Бюджетті нақтылау салықтық түсімдер бойынша түзетуді, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді ұлғайтуды көздейді. Сонымен қатар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері талқыланды. Олардың ішінде - тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған спорттық-сауықтыру жүзу бағдарламасын іске асыру, Ақтас кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жалғастыру, сондай-ақ жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, қаланы абаттандыру салаларындағы және басқа да жобалар.

Талқылау барысында депутаттар жекелеген жұмыс түрлеріне, атап айтқанда, жолдарды, тұрғын үйлердің қасбеттерін, шұңқырлы жөндеу сапасының төмендігіне, сондай-ақ қалалық субұрқақтардың дұрыс күтіп  ұсталмауына және жұмыс жасамауымен бірқатар ескертулер айтты. Сондай-ақ, депутаттар бағдарлама әкімшілеріне Горняк ауданында БМК сатып алу мақсаты, су тасқынына қарсы іс-шараларға, сорғы жабдықтарын сатып алуға қаражат бөлу, сондай-ақ көшені жарықтандыру үшін электр энергиясына ақы төлеу шығындарын ұлғайту негіздемесі туралы бірқатар нақтылаушы сұрақтар қойды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мердігерлік ұйымдардың жұмыстарды орындау сапасына бақылауды күшейту қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа, депутаттар қалалық мәслихаттың «Саран қаласында және Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарады. Өзгерістер қолданыстағы Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес нормаларды өзектендіруге қатысты.

Барлық талқыланған мәселелер мәслихаттың алдағы сессиясының қарауына шығарылды.