Мәжіліс депутаттарының Саранға жұмыс сапары
А.ж. 2 шілдесінде сайлаушылармен кездесу аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары У.Шапақ, Т.С.Адамбекова Саран қаласына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары қалалық мәслихат депутаттарымен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесуден басталды. Ашық диалог барысында қала тұрғындары үшін өзекті мәселелер көтерілді: жеке секторды газдандыру, әлеуметтік маңызды азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің бағасын ұстап тұру, қаңғыбас жануарлар мәселесі, бизнесті қолдау шаралары, әлеуметтік саладағы техникалық қызметкерлердің жалақысын арттыру, спорт секцияларын қаржыландыру, тазарту құрылыстарын жаңғырту, сондай-ақ қалааралық автобус қатынасын ұйымдастыру.
ҚР Мәжіліс депутаттары көтерілген сұрақтардың әрқайсысына нақты және дәлелді жауаптар беріп, айтылған мәселелерді уәкілетті органдар деңгейінде шешуге көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу соңында У.Шапақ, Т.С. Адамбекова Саран қаласының Орталық жылу көзінде барды. Сапар барысында олар қазандықтың жұмысымен танысып, жабдықтардың жай-күйі мен қолдауды қажет ететін проблемаларды талқылады.
Жұмыс сапары Мәжіліс депутаттарының халықпен тығыз ынтымақтастыққа және жергілікті проблемаларды шешуге белсенді қатысуға дайындығын көрсетті.