Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы

22 мамырда  бюджет, экономика, кәсіпкерлік, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыс жұмысына Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі А. Кутжанова, облыстық мәслихат депутаты В. Шнель, қала және Ақтас кенті әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңестің төрағасы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Әріптестеріммен өткен отырыста Саран мен Ақтас бюджетінің 2024 жылға атқарылуы туралы есептер тыңдалды. Атап айтқанда, 2024 жылы іске асырылған тұрғын үйлерді абаттандыру және қалпына келтіру, халыққа әлеуметтік көмек көрсету, су құбыры желілерін реконструкциялау және басқа да маңызды жобалар сияқты жұмыс бағыттары атап өтілді. Сонымен қатар, Саран мен Ақтастағы салықтық және салықтық емес түсімдердің орындалуы, кіріс және шығыс бөліктері және т.б. туралы ақпарат айтылды.
Саран мен Ақтас бюджетінің атқарылуы туралы есеп – қорытындымен А. Кутжанова сөз сөйледі. Жалпы, құжаттың негізгі параметрлері сақталғаны, оң динамика бар екендігі атап өтілді. Сонымен қатар, қалалық бюджеттің 50%-дан астамы - бұл өз кірісі. Әрине, қаржылық тәртіптің төмендігі, жауапты лауазымды тұлғалардың ҚР нормативтік құқықтық актілерін нашар білуі, шарттық міндеттемелерді орындамауы және т.б. бұзушылықтар да бар.
Өз кезегінде әріптестерімізбен бюджетті тиімді жоспарлау мен сапалы орындауды, сондай-ақ қала мен кенттің нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз етуді ұсындық.
Толығырақ ақпаратты біздің Facebook парақшасынан көруге болады, онда отырыстың тікелей эфирі сақталған.